Жағажайлардағы мас тұрғындар тұтқындалды
Бір ай ішінде Өскемен қаласындағы жағажайлардан 43 ішімдік ішкен азамат жауапқа тартылған
Құтқарушылармен бірге Өскемен қалалық ІІБ Жергілікті полиция қызметінің мамандары да жағажайларда тексеріс жүргізеді.
Рейд барысында тек шілде айында бес азамат ұсақ тәртіп бұзушылық бойынша, 43-і ішімдік ішіп ұсталды. Олардың барлығы әкімшілік жауапқа тартылды. Одан өзге, 34 адам Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына жөнелтілді.
- Кейбіреулер жағажайда ішімдік ішіп демалу керек деп ойлайды. Бірақ оның қауіпті екенін жіті түсінбей жатады, - дейді Өскемен қалалық ІІБ баспасөз қызметі. - Алкогольдік ішімдіктің әр тамшысы сіздің өміріңізге қауіп төндіреді.
Құтқарушылардың ақпараттарына сүйенсек, қайғылы оқиғалардың басым көпшілігі ішімдікке мас азаматтардың қатысуымен болады.