ШҚО әкімі Алакөлде болып қайтты
Даниал Ахметов көлге іссапармен келіп, жергілікті жағажайдың абаттандырылу жұмыстарымен танысып қайтты
Алакөлде бес күн болған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын түгел тексеріп, сауда алаңдарының жұмысына түзетулер жасады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Алакөл жағажайларын абаттандыру жұмыстарына 2 млрд 550 млн теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда жұмыстар әлі де жалғасын табуда.