ШҚО өзендерінде алты адам суға батса, үшеуі – балалар
Оқыс оқиғалар Жарма, Шемонаиха аудандары мен Семей, Риддер қалаларында орын алған
Жарма ауданының Бүрлі ағаш ауылының тұрғындары өзеннен 7 және 11 жастағы екі баланың денесін алып шыққан. Ал Шемонаиха ауданындағы Убинка ауылындағы өзенге алты жастағы бала батып кеткен.
- ШААШҚЖ құтқарушылары Семейдегі Бобровка кенті мен Озерки ауылында суға батқан адамдарды іздеу жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Бірінші жағдайда 33 жастағы ер адам жабдықталмаған орында суға түсу кезінде батып кеткен. Ал екінші жағдайда 45 жастағы ер адам, алдын ала болжам бойынша, қайықтан құлап, суға батып кеткен. ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметкерлері Поперечная ауылындағы Уба өзенінен 61 жастағы ер адамның денесін алып шықты. Ол катамараннан құлап кеткен.
Тек демалыс күндері ШҚО ТЖД қызметкерлері мен ШААШҚЖ құтқарушылары жергілікті полиция қызметімен бірігіп, демалыс және суға түсі орындарында 100 шақты рейд жүргізді.
- Азаматтардың көбі алдын алу шараларына түсіністік танытпайды. Мамандардың кеңестеріне құлақ аспайды, - дейді құтқарушылар.
Суға шомылу маусымы басталғалы 18 адамның ажалы судан келген.
С начала купального сезона на водоемах ВКО уже утонули 18 человек.