Ішімдікке салынған екі қыздың анасы емделуге мәжбүрлі түрде жіберілді
Ішімдіктің кесірінен бір отбасының айраң-топалағы шығып, екі қыздың анасы жаман әдеттен айыға алмапты
Әйелдің ішімдікке салынғанына 10 жылдай уақыт болған. Соның кесірінен күйеуінен ажырасып, екі баласынан да ана болу құқығынан айырылған. Алайда әйелді бұл да тоқтата қоймаған.
Аягөз аудандық соты оны Семей қаласындағы мамандандырылған ішімдіктен емдеу орталығына жіберуге шешім шығарылып, әйелді орталыққа мәжбүрлі түрде алып кеткен.