Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +20°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +33°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +34°
$
463.77
-3.52
495.49
-5.54
¥
63.82
-0.52
5.31
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО оқушылары ҰБТ тапсырды

Облыстық білім басқармасының ұсынған мәліметтеріне сүйенсек, биыл өңірде 9740 оқушы мектеп бітіріп, оның 7000-ға жуығы ҰБТ тапсырған

Биыл облысымыздан Ұлттық бірыңғай тестілеуге оқушылардың бар болғаны 70,5%-ы ғана қатысты. Ең жоғары 137 балды 4 түлек жинады.

- 2018 жылы 9740 түлектің 6864-і ҰБТ тапсырды. Оның 1168-і Өскемен қаласының түлектері. ҰБТ қорытындысы бойынша 6167 түлек шекті деңгейдегі балды жинаса, 769 түлек шекті деңгейден аса алмаған, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова.

Облыс бойынша ең төменгі балл - 16 баллды құрайды. Ал республика бойынша ең жоғары 140 балды жинаған Алматы қаласындағы №123 мектеп-гимназиясының бітірушісі Шиара Құдайбергенова екені белгілі болды. Ал облыстық басқарма ҰБТ-ның жалпы қорытындысын әлі шығармаған. Тіпті, республикалық қорытынды да нақты емес көрінеді.

- Жалпы республика көлемінде бес пәннен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл - 83,1 (мүмкін болған 140 баллдан). Былтырғы жылғы көрсеткіш (мүмкін болған 140 баллдан) 80,5 балл болған, - деп мәлімдеді ҰБТ орталығының баспасөз қызметі.

Следующая →