ШҚО тұрғыны ажырасқан күйеуінен өмір сүруге ақша сұраған
Зырян ауданында тұратын ерлі-зайыптылар материалдық мәселесін шеше алмай ажырасып кеткен
Ал жас ана күйеуінен баланы үш жасқа дейін асырау үшін ай сайын өмір сүруге қажетті қаржыны беріп отыруды талап еткен. Ал ер адам ай сайын алимент төлеп отыратынын айтып, одан бөлек тағы 24 мың теңге төлеп отырудан бас тартқан.
Мәселені медиаторлар шешкен. Ер адам үш жыл бойы ай сайын 24 мың теңге төлеп отырудың орнына бір рет 200 мың теңге төлеуге келісім берген.