Лагерьге тегін баруға мүмкіндік бар
Балалардың жазғы демалыс лагерінде тегін демалу мүмкіндігі бар. Ол үшін ойтолғау жазып, байқауға қатысу қажет
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы балалардың қоршаған ортаны қорғауға деген ынта-жігерін арттыру үшін арнайы байқау өткізіп, үздік 100 баланы тамыз айында экологиялық лагерьге демалысқа жіберуді ойлап отыр. Байқауға 12-16 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
- Экологиялық лагерьге барған балалар таза табиғат аясында демалып қана қатпай, экологиялық көзқарасын да қалыптастырады, - дейді басқарма.
Байқауға қатысқысы келгендер 28 шілдеге дейін баланың аты-жөні мен мектебі, үй телефоны мен ұялы телефон нөмірін көрсетіп, irish777@list.ru электронды поштасына («Жазғы экологиялық лагерь-2018» жазуын жазып) немесе 8(7232) 26-57-11 факс нөміріне хат жолдауы қажет. Одан бөлек, балалар хатқа қосып қаладағы, өз үйіндегі, мектептегі, тіпті, әлемдегі экологиялық жағдайды қалай жақсартуға болатындығы жайлы ойтолғау жазып жолдауы тиіс.
Ал жеңімпаз балалар З.Космодемьянская атындағы жазғы сауықтыру лагеріне 3-8 тамыз не 9-14 тамыз күндері демалып қайтатын болады.