Риддерде бала мен анасы үшінші қабаттан құлап кетті
Баласының шатқаяқтап бара жатқанын көрген анасы оны ұстап қаламын өз қоса құлаған
Оқиға Риддер қаласында кеше кешке болған. Ана мен бала қазір ауруханада жатыр.
- 2017 жылы туған бала мен 35 жастағы келіншек үшінші қабаттан екінші қабаттың балконына құлап кетті. Екеуі де шұғыл жағдайда ауруханаға жеткізілді, - дейді ШҚО ТЖД.
Құтқарушылар ата-аналардан балаларына абай болуын өтінуде.