Екі әйелді өтірік емші алдап соқты
"Халық емшісі" әйелдерге барлық қиындықтардан бір айдың ішінде арылуға көмектесемін деп алдын ала ақы алған
Бірақ осы емшінің үсітенн бір күннің ішінде бірнеше арыз-шағым түсті. Мәселен, Семей қалалық ІІБ Әуезов бөлімшесіне 52 жастағы азаматша жүгінген.
- Ол емші азаматтың оны бір айдың ішінде жазып шығамын деп уәде еткенін айтты. Қызметі үшін алаяқ алдын ала 60 мың теңге ақы да алған, - деп хабарлайды ШҚО ІІД. - Бір сағаттан кейін 56 жастағы алаяққа қарсы арызбен 43 жастағы азаматша шағымданған. Ол да ем үшін 32 мың теңге төлеген.
Халық емшісі шұғыл тұтқындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.