Мұзтауға көтеріліп бара жатқан туристердің үстіне тас құлады
Биік шыңға шықпақ болған 11 турист ыңғайсыз жағдайда қалды
Алтайдың биік шыңына басында 30 адам көтерілмек болған. Алайда олардың бір тобы бөлініп, Алтайдың төменгі жақтарын зерттегісі келіп, лагерьде қалған. Қалған он бірі жоғары қарай көтерілмек болады.
Туристердің барлығына инструктаж берілген. Он адамнан құралған құтқарушылар тобы олармен еріп, тауға көтерілудің жолын көрсетіп жүрген.
- Тауға көтеріліп барып, жоғарыдан тастар құлады. Туристер біраз қорқып қалды. Алайда зардап шеккен ешкім жоқ, - дейді ШҚО ТЖД.