Өскеменде шетелдік автокөліктің жүргізушісі баланы қаққан
Оқиға Мирный кентінің маңында, Питон көпіріне әкеліп соғатын Шығыс көшесінде орын алд
Апат сенбі күні болған. 30 жастағы Mazda көлігінің жүргізушісі 10 жастағы баланы қаққан.
- Жаяу жүргіншілер өткелінде жүргізуші 2008 жылы туылған баласын өткізіп жібермей, көлігімен қаққан, - деп хабарлады Өскемен қаласының ІІБ. - Бала ауруханаға жеткізілді.
Полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 620-бабы "Жол пайдаланушылардың басқа да талаптарын бұзу" әкімшілік хаттамасын әзірледі.