Өскемендегі автобустардың бірі маршрутын өзгертті
Бүгіннен бастап 43А нөмірі тағылған қоғамдық көліктердің жүретін жолы өзгерді
Өскемен қаласы қоғамдық кеңесінің мәліметтеріне сүйенсек, Куленов кентінен Үлбі көпіріне дейін қатынайтын автобус енді Спорт сарайы аялдамасы арқылы Тәуелсіздік даңғылына түсіп, Белинский көшесіне бұрылып, Қазмырышқа дейін жүретін болды.
Кеңес мүшелерінің айтуынша, №11 автобус өз-өзін ақтай алмай жатыр, сондықтан екі бағытқа қатар жүретін автобустардың бірін өзгертуге шешім қабылданған.