Дәмхана әкімгері келушілердің бірінің ұялы телефонын тартып алған
Дәмханадағы көңілді отырысы үшін 40 мың теңге ақы төлемеген ер адам ұялы телефонын беруге мәжбүр болғанымен қоймай, соққыға жығылған
Өткен аптада Семей ІІБ Затон аудандық бөлімшесіне 29 жастағы ер адам келген. Ол Қабанбай батыр көшесі бойындағы жазғы дәмхананың әкімгері мен аспазы оны соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алғанын айтқан.
Зардап шегуші болжағандай, бұған оның дәмхана есепшотын төлеуден бас тартуы себеп болса керек.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі ұсынған ақпараттарға сүйенсек, дәмхананың қызметкерлері жергілікті бөлімшеге жеткізіліп, айыптарын мойындаған. Аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.