Қала сыртындағы тас жолда мас жүргізушінің кесірінен адам көз жұмды
Зырян-Алтай тас жолы бойында орын алған ЖКО салдарынан автокөлік жолаушысы көз жұмып, жүргізуші ауруханаға жатқызылды
Оқыс оқиға сенбі күні орын алды. "Ниссан Х-Trail" көлігінің 55 жастағы жүргізушісі ішімдікке мас болған көрінеді. Осылайша, ол көлік тізгініне ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.
Апаттан 60 жастағы жолаушы көз жұмып, жарақат алған көлік жүргізушісі Зырян аудандық ауруханасына жеткізілді.
ЖКО байланысты қылмыстық іс қозғалды.