Екі қызды қаққан КамАз жүргізушісіне қатысты қаулы шықты
Мектеп оқушылары жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқандай жүк көлігі жол жүру ережелерін қатаң бұзған
13 жастағы екі оқушы қыз Семей қаласындағы ауыр апаттың құрбаны болған. Реттелмейтін өткелден өтіп бара жатқан қыздар КамАЗ көлігінің астына түскен. Апат салдарынан екі оқушы да жабық бас сүйек-ми жарақаттарын алып, бас миы зақымданған. Қыздар дереу реанимацияға жеткізілсе де, біреуі есін жимай жан тапсырды.
Сот отырысы кезінде жүк көлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып жібергені анықталған. Ол өз кінәсін толықтай мойындады.
- Сотталушы абайсызда адам өмірін қиып және бір адамның денсаулығына ауыр зардап келтірген апатта жол жүру ережелерін бұзғаны үшін айыпты деп танылды, - деп хабарлайды Семей қалалық №2 сотының баспасөз қызметі. - Ол екі жыл, алты айға бас бостандығынан айырылды және үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.