Өскеменде мұнай төгілген қауіпті аумақ табылды
Өскемен-Риддер темір жолының бір шақырымға дейінгі аумағына белгісіз біреулер мұнай өнімдерін төгіп кеткен
Бұған дейін Ворошилов көшесі пен Жуков көпірі қиылысында маңында мазут төгілген аумақ табылған болатын. Экологтар бұл маңнан жоғары көтеріліп, бетон шұңқырдың ішін тексерген еді, оның ішіне белгісіз біреулердің толтырып битум құйып кеткенін анықтап отыр.
- Мұнай өнімдері төгілген аумақ тұрғын үйлерге жақын жатыр. Мұнда адамдар да, жануарлар да жүр. Егер байқаусызда битум толтырылған шұңқырға түсіп кететін болса, одан адамның құтылып шығуы екіталай. Мұнда қанша мұнай өнімінің төгілгені белгісіз. Аяқ астынан өртеніп кетуі де ғажап емес. Оның үстіне, зиянды қалдықтар ауызсуға да қосылып кетуі мүмкін, - дейді Экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.
Қазір орталық қызметкерлері құқыққорғау органдарына бұл істің мән-жайын тексеру үшін хат дайындап жатыр.