Өскеменде жемқорлыққа қарсы бағдарламаның тұсауы кесілді
Кәсіпкерлік пен инвестицияны қорғау үшін Protecting Business and Investments жобасы құрылды
29 маусым күні Өскемен қаласында жемқорлыққа қарсы тұру бағдарламасы – Protecting Business and Investments жобасы таныстырылды.
- Бұл бағдарламаның басты мақсаты – кәсіпкерлер мен инвесторлардың мемлекеттік билікке деген сенімін арттыру, жағымды инвестициялық климат құру, - дейді Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының жетекшісі Қайрат Сапарғалиев.
Жоба "Пара алмау және пара бермеу" қағидасы аясында құрылған. Бұл жемқорлықтың мемлекеттік қызметкерге де, азаматқа да тиімсіз екендігін көрсетеді.