Сотқа мас болып келген зыряндықтар тұтқындалды
Қылмыстық іс бойынша айып тағылған екі азамат сот залына мас болып келген. Сотқа құрмет танытпағандары үшін олар абақтыға тоғытылды
Қылмыстық іс 19 маусым күні қаралуы керек болатын. Бірақ айыпталушылар сот залына ішімдік ішіп келген.
- Азаматтар Зырян аудандық сотына айыпталушылар ретінде келу туралы құлақтандырылған, - деп мәлімдеді аудандық сот баспасөз қызметі. - Бірақ олар сотқа құрметсіздік танытып, алкогольді мас күйінде келген.
Бұл қылықтары үшін азаматтар тұтқындалып, әкімшілік жауапқа тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Появление в суде в нетрезвом виде Суд ВКО Зыряновский районный суд Неуважение к суду