Өскеменде үлкен музыкалық мереке өтеді
1 шілде күні Сол жағалау кешенінде "Домбыра – алтын мұра" атты музыкалық шара ұйымдастырылады
Шара қонақтары классикалық музыка тыңдап, сауықтыру бағдарламасына қатысып әрі кәдесыйлар сатып ала алады, деп хабарлайды Устинка LIVE сайты.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы жылы Ұлттық домбыра күнін белгілеген болатын. Қазақстанда енді шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде аталып өтеді.
Мерекелік шара классикалық музыка аллеясында сағат 12.00-де басталады. Анықтама телефоны: 8-705-454-00-20.
Тақырыптар:
Музыкальный праздник в Усть-Каменогорске Праздники в Усть-Каменогорске День домбры в Казахстане