Шемонаиха ауданының тұрғыны өрт сөндіремін деп күйіп қалды
Волчанка ауылының жас жігіті өртті сөндіремін деп аяғын күйдіріп алған, аз ғана уақыттың ішінде бүкіл үйді іші жалынға оранған
Ал ауыл тұрғыны қазір ауруханаға түсті. Өрт сөндіруге Шемонаиха ауданының №28 өрт сөндіру бөлімі келген.
- Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрайды. Өрт екі сағаттың ішінде сөндірілді. Зардап шеккен жігіт ауруханаға жеткізілді, дәрігер қарап, оны үйге қайтарды, - дейді ШҚО ТЖД.
Жылдың басынан бері облыста 12 адам өрттің кесірінен күйіп қалған.