Облыстағы орман аумағы кеңеюде
Ал орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын күшейтуге 700 млн теңге бөлініп отыр
Былтырғы жылы өрттің кесірінен облыс ормандарының 76 гектары жойылып кетті. Соған қарамастан, отырғызылған орман көшеттерінің аумағы 5016 гектарға көбейген, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман ағаштарын өрттен сақтау үшін материалдық-техникалық базаны күшейтуге ден қойған.
- Техникалық базаны нығайту үшін 37 техника сатып алынды. Олардың ішінде өрт сөндіру көліктері, тракторлар мен патрульдік машиналар бар, - дейді басқарма басшысының орынбасары Арман Есентаев.