Риддерде суға кетіп қалған жігіттің денесі табылды
Риддер қаласының 27 жастағы тұрғыны достарымен бірге Быструха өзенін кесіп өтпек болған
Алайда ағысқа төтеп бере алмай, батып кеткен. Оның үстіне, жас жігіт мас болған. Ал қайғылы оқиғаны жігіттің туған-туыстары бірнеше күннен кейін бір-ақ естіген.
ШҚО ТЖД хабарлағандай, суға батып кеткен жігіттің денесін іздеу үшін Өскемен қаласының құтқарушылары жіберілген.
- Өзеннің ағысы қатты, секундтына үш метр жылдымдықпен ағып жатыр. Өзеннің жағалауын тексеруге көп мән берілді. Мұнда бұта мен ағаштар көп, - дейді Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының төртінші бөлімшесінің бас құтқарушысы Андрей Вебер.