Риддердегі жол оқиғасынан қайтыс болған жасөспірімнің әкесін бетперде кигендер сабап кетті
Сот отырысынан қайтқан Виктор Смольниковты бетперде киген үш жігіт үйінің кіреберісінде сабап кеткен
Кеше Риддер әкімінің орынбасары күдікті деп табылған қылмыстық іске қатысты сот отырысы өткен. Алайда судья ешқандай шешім шығармаған. Жол апатынан көз жұмған жасөспірімнің әкесі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың кешіретіндігін айтқан соң, қорғаушылар процессуалды келісім жасайтындығын мәлімдеген. Бұл шешім прокутатураға ұнағанымен, қаза тапқан жігіттің әкесі бұған қарсы шыққан, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Виктор Смольниковтың айтуынша, егер процессуалды келісімге ризашылық білдіретін болса, онда іске қатысты куәгерлер тергеуден босап шығатын еді. Ал көз жұмған жігіттің әкесі судьяны жол оқиғасына қатысты бар өзге "кейіпкерлердің" де ісін қарап көруге шақырып, әсіресе, Өскемен қаласы әкімі мен оқиға орнына келген полицейлердің куәгерлік сөзін тыңдап көргісі келетіндігін айтқан.
Виктордың сөзіне қарағанда ол сол күні прокуратураға процессуалды келісімнен бас тартатындығын айтып, арыз жазып, үйге қайтқан. Ал үйінің оны белгісіз біреулер тасадан ұстап алып, соққыға жыққан. Көз жұмған жасөспірімнің әкесі қарақшылық жайлы полицияға барып арыз жазған.
- Мұрын сынып, ерін жырылған. Арқа мен бетімде гематома, ісік пайда болды. Кіреберісте торуылдап тұрған. Бірнеше секундттың ішінде бірнеше ауыр соққылар жіберіп үлгерді, - дейді зардап шегуші.
Ал келесі сот отырысы 26 маусым күні өтеді.