Семейдің тұрғыны есірткі қайнатамын деп тоғыз қабатты үйді өртеп жібере жаздады
Ал ол есірткі газ қосылған плитаға қайнатпақ болған
Оқиға күндіз түсте болған. Алдын ала деректерге қарағанда, нашақор ацетон мен басқа да дәрі-дәрмектерді қосып, есірткі қайнатпақ болған. Ал майлы сұйық заттың шашырауынан ас үйде өрт шығып, үстелдер өртене бастаған.
Ал үйдің иесі, 41 жастағы мүгедек, өртті өзі сөндірмек болған. Алайда иіс газынан уланып қалған. Өрт сөндірушілерді үй иесінің досы шықарған.
Өрт сөндірушілер 33 адамды эвакуациялады.