Өскемендіктер тәттілерді сатып алу арқылы баланың өмірін құтқаруға көмектесе алады
23 маусымда «Мұзтау» сауда орталығында қайырымдылық жәрмеңкесі болады. Жиналатын қаражат кішкентай Алима Көпейдің емделуіне жұмсалмақ
Бір жарым жастағы Алима Көпей ауыр онкологиялық аурудан зардап шегеді. Жақында бала Оңтүстік Кореяда емделді. Қазір қыздың ата-анасы емді Германиядағы клиникалардың бірінде жалғастыруды жоспарлап отыр.
Следующая →
Қайырымдылық жәрмеңкесі сенбіде сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін «Мұзтау» сауда орталығында өтеді. Мұнда концерттік бағдарламалар, фото түсірімдер болады. Өскемен қаласының жас тұрғындары үшін арнайы аниматорлар мен аквагрим мамандары шақырылды.