Михайл Галустян ШҚО-дағы науқас баласының көңілін сұрады
Ресейлік шоу-бизнес жұлдызы бес жастағы Богдан Унру емделеліп жатқан кореялық клиникада болды
Бородулиха ауданының кішкентай баласы сирек кездесетін қатерлі ісікпен ұзақ уақыт бойы күресуде.
Кореяға ұшып келген Михаил Галустян ШҚО-ның бес жасар тұрғыны, өзінің жас жанкүйері Богдан Унру емделіп жатқан клиникада болып қайтты. Баланың анасының айтуы бойынша, бала өз көзіне өзі сенбеді.
- Мен Богданның жүзінен мұндай жарқын күлкіні көрген емеспін, - деді анасы Instagram парақшасында. - Үлкен көздері таңғалыстан одан сайын үлкейіп, Михайл бөлмеге кіргенде, жүзі бал-бұл жайнады.