Семейде пәтер ұрысы ұсталды
Әккі ұры пәтердің есігін ашып, ішіндегі бағалы заттарды алып шыққан
Қаракүзен терісінен тігілген тон мен кеудешені, бейнетехникалар мен асүйдегі керек-жарақтарды қолды қылған. Үйдің иесі ұрланған заттардың бағасын 595 000 теңгеге бағалады.
- Полиция қызметкерлері кімнің ұрлық жасауы мүмкін екенін дереу тауып, оны көп өтпей ұстап алған. Ол 28 жастағы Семей қаласының тұрғыны болып шықты. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған, - дейді ШҚО ІІД.
Ұрлықшы қолды қылған заттарының барлығын үй иесіне қайтарып берген.