Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Роботтың көмегімен бүйрекке ота жасалды

Облыста әлем бойынша алғаш рет робот-хирург арқылы бүйрекке ота жасалды. Оны итальялық хирург пен өскемендік дәрігер бірігіп жасады

Осыдан бірнеше ай бұрын Өскеменде роботтандырылған хирургия орталығы ашылған болатын. Ал орталықта алғашқы ота наурыз айында жасалып, Итальядан келген хирург науқастың өт қабын алып тастаған еді. Сол кезде-ақ шетелдік маман өскемендік әріптестеріне хирург-роботты қалай қолдану қажеттігін үйретіп кеткен. Екі жарым айдың ішінде өскемендік дәрігерлер 40 шақты ота жасаған. Енді жыл сайын 500 ота жасап отыруды жоспарлап отыр.

- Орталықтың дәрігерлеріне Миланда, Германияда тренингтер өткізгенмін. Наурыз айында әріптестеріммен бірігіп бірнеше ота жасадық. Ал қазір қазақстандық дәрігерлер менен үйренген білімдерін тәжірибеде ұқыпты пайдаланып, заманауи технологияны емін-еркін меңгеріп алды, - дейді итальялық хирург Стефано Джидаро.

Енді, міне, екі елдің дәрігерлері тағы да кездесіп, әлемде бұрын-соңды болып көрмеген күрделі отаны сәтін салып, жасап шықты. Риддер қаласының 64 жастағы зейнеткері ішінен қан кетіп, жедел ауруханаға жеткізілген екен. Ал дәрігер Ринат Мұздыбаевтың айтуынша, пациенттің өмірін арашалап қалу үшін робот-хирургтың көмегі қажет болған. Өйткені робот-хирург науқастың ішкі ағзаларын аздап қана тіліп, күрделі жерлерге ота жасауға мүмкіндік береді.

Следующая →