Облыс әкімі Өскемен қаласындағы жол жөндеу жұмыстарын дер кезінде тоқтатқан мердігерлерге алғыс білдірді
Понтон көпірінен Ахмер кенті мен Меновное кентіне дейінгі жол жөндеу жұмыстарының жобасы дұрыс жасалмаған
Қазір бұл маңызды жол телімдеріндегі жөндеу жұмыстары тоқтатылды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Бұған Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мамандары кінәлі. Олар жобаны қарастыру кезінде мән-маңызына үңіліп, толықтай тексерген жоқ. Оның зардабы енді тиіп отыр. Ал мердігерлер жол салудан бас тартып, жөн істеді. Өйткені жоба жарамсыз. Енді қайта қарап, қайта жасауымыз керек, - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Ал облыс әкімі жобаны тезірек жөндеп бітіруді тапсырды.
- Бар жоғы 10 сантиметр тас пен құм төсеп, үстіне асфальт төсемек болдыңдар. Жарайсыңдар, жөндеу жұмыстарын дер кезінде тоқтаттыңдар. Әйтпесе, ұят болатын еді, - дейді Даниал Ахметов.