ШҚО-да жазасын өтеушілер суицидпен күресуге көмектесуде
OB 156/20 мекемесінде жазасын өтеушілер көптеген мәселелерді шешу жолдарын қарастыруда
Жуықта жабық мекемеде ерекше байқау өтті. Өңірдің жазасын өтеп жатқан тұрғындары «Менің болашағым» тақырыбында суицидке қарсы сурет салды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Байқауға барлық жасақтың жазасын өтеушілері қатысты. Барлығы 12 ең үздік жұмыс қазылар алқасының қарауына ұсынылды. Олардың бағалануына өзіндік ерекшелік, жұмыстың шеберлігі, тақырыпқа сәйкестігі, сондай-ақ, жалпы көзқарас ескерілді.
- Конкурстың мақсаты - сотталушылардың өмірге, болашаққа деген көзқарасын өзгерту, - деді ОВ 156/20 ҚР ІІМ ҚАЖК әділет аға лейтенанты Арайлы Қалиғожина.