Шемонаихада жүргізуші куәлігі жоқ азамат ұсталды
Жауапсыз жүргізуші, онымен қоймай, көлікті мас күйінде тізгіндеген
Шемонаиханың тұрғыны полиция бөлімшесіне хабарласып, қалада күдік тудырған көліктің жүргенін айтқан
Тәртіп сақшылары жылдам әрекет етіп, 38 жастаңы BMW көлігін анықтап, жүргізушіні тұтқындады. Талдама нәтижесі көрсеткендей, ер адам шынымен, алкогольдік ішімдікке мас болған көрінеді.
Ал тергеу барысында оның, тіпті, 2017 жылдың қыркүйегінде көлік құралық басқару құқығынан айырылғаны да анықталған.
ШҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, ҚР ҚК 346-бабы бойынша күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.