Зардап шеккен азаматтың "еміне" 1000 теңге берген
Өскеменде джип иесі "Заречный" базары маңында 43 жастағы азаматты қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан
Ал полиция қызметіне дәрігерлер хабарласқан. Апат нәтижесінде зардап шеккен азамат ауыр жарақат алған. Тәртіп сақшылары болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін бір тәулік сарп еткен. Өйткені зардап шеккен азамат есінен танып, оқиға орын алған жерді шатастырған.
Следующая →
- Шетел көлігінің жүргізушісі "Заречный" базары ауданына кетіп бара жатқан уақытта 43 жастағы ер адамды қағып кеткен, - деп түсіндіреді ШҚО ІІД баспасөз қызметі. - Жүргізуші құлап қалған азаматқа 1000 теңге ұстатып, оқиға орнынан кетіп қалған.Қазіргі таңда көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.