Жаздық сапалы аяқ киімді қалай таңдауға болады?
Жаз келісімен мереке де, той-томалақ та, мерейтой мен қызық-думан да көбейетіні белгілі
Түлектер кеші, бітіру кеші сынды салтанатты кештер тағы бар. Адамдар қыста жылы киінуге тырысса, жазда сәнді, стильді киінуге ұмтылады. Ал жұрт назары ортаға түсіп, демалыс пен той-думан көбейген жерде, халық та әдемі, жарасымды киінуге тырысады. "Жазға жақсы киінер қыз-келіншек, жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек" дейді Абай атамыз. Әсіресе, қым-қуыты мен у-шуы көп жазда табан тоздырмас, "жолда қалдырмас" аяқ киім таңдаған маңызды. Ал Өскемен қаласының КІМЕХ салонында ер мен әйелге, балаларға арналған түрлі аяқ киімдердің мол таңдауы бар. Бүгін біз сонда аттанбақпыз. Ал мультибренд дүкеннің директоры Светлана Леонтьева болса, аяқ киімді таңдау мен оның сапасын анықтау туралы кеңестер бермек.
- Жазғы аяқ киімдердің киюге ыңғайлы, жеңіл-желпі болғаны дұрыс. Тағы бір ескеретін жайт бар: аяқ киім жел өткізетіндей ашық, аяқ терлетпейтіндей сапалы болуы керек. Жазғы аяқ киімдер сұға салуға оңай болғаны жөн. Алайда мода деген "қырсық" қой, аяқ киімді жайлы емес, сәнді етуге ұмтылатын дизайнерлер қазіргі аяқ киімдерді ашық-жайдақ емес, жабық етіп тігетін болып жүр. Ал модаға қызыққан адамдар жайлылықтан бас тартып, алды-арты тегіс тігілген аяқ киімдерді сатып алады, - дейді Светлана Леонтьева
Әйелдерге арналған аяқ киімдер
Былтыр спорт стилімен тігілген аяқ киімдерге деген сұраныс көп болған. Биыл да бұл тренд көш бастап тұр.
- Мұндай аяқ киімдер матадан да, тері мен жұмсақ теріден де, жасанды маталардан да тігілуі мүмкін. Маусымның тағы бір хит аяқ киімдері жайлы айта кеткен жөн. Табаны қалың етіп жасалған "металл" аяқ киімдердің саудасы қызып тұр. Биыл тас пен шынылы әшекеймен сәнделіп, баудың орнына белдік, айылбас, лента, моншақ тағылып тігілген аяқ киімдердің сұранысы мол болмақ. Туфли мен бәтеңкенің, лофер мен слипонның көбінде бауы жоқ, - дейді Светлана.
Мамандардың айтуынша, биыл табаны мен арқалығы емеріп тігілген "кеме" және рөмкеге ұқсас биік аяқ киімдердің сұранысы мол болады. Ал сымбатты, ұзын бойлы көрінгісі келген жандар болса, биік тақа аяқ киімдерді алғаны дұрыс. Мұндай аяқ киімдерден ағаш пен пластик фактурамен тігілгендерін таңдап алған сәндірек. Басы үшкір, дөңі жайдақы аяқ киімдерге де сұраныс көбеймек.
- Биылғы жаздың аяқ киім коллекциясы жайлы айтар болсақ, онда аяқ киімді жарқын түсті гольфпен, қанық түсті шұлықтармен жарастырып кию барынша сәнге айналмақ. Мұндай тенденция бізге былтыр келген еді. Қазір дамып, түрленіп, өзгеше өңмен, түспен шырайланып келеді. Ең бастысы, киген киімдердің түсі бір-біріне үйлесуі керек, - дейді маман.
Ерлерге арналған аяқ киім
Ерлер мокасина, эспадрилья, топсайдер, слипер, кроссовка мен классикалық туфли сынды аяқ киім түрлерін көп сатып алады. Салонда бұл аяқ киімдердің де түр-түрі бар. Ең бастысы аяғыңыз демалатындай, терлемейтіндей аяқ киімді таңдағаныңыз жөн.
- Ер адамдардың көбі жұмыста, кеңседе отыратындықтан, оларға тері мен жұмсақ теріден тігілген, түсі ашық туфлилерді киген дұрыс. Аяқ киімнің табиғи материалдан тігілгені жақсы. Өйткені мұндай материалдар ауаны еркін өткізіп, аяқты терлетпейді. Шұлық жұқа болғандықтан, аяқ киімнің теріні қажамайтындай жұмсақ келгені де жөн. Классикалық туфлилердің тесік етіп жасалғандары да бар. Мұны да сатып алуға болады, - дейді маман.
Ер адамдар бос уақытында, жеңіл кроссовка, кеда сынды спорттық аяқ киімдерді кигенді ұнатады. Өйткені кроссовка ер адамдарға қайда барса да, жайлы, ыңғайлы. Кроссовка мен кедаларға сұраныс көп болғандықтан, оны түрлі киімдермен үйлестіріп кие береді: футболкадан бастап шорты, шалбар, джинсымен де киюге болады. Кейде пиджакпен бірге кроссовка киіп алатын ерлер бар. Жаз ыстық болғандықтан, тағы да бұл аяқ киімдердің материалына мән беру керек. Теріден емес, матадан тігілген кеданы алған жөн. Ал кроссовканы таңдарда, оның мата қосылып тігілгеніне мән берген дұрыс.
Балалар аяқ киімі
KIMEX салонына барып, бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге де түрлі аяқ киімдер таңдап алуға болады.
- Бізде сәбилерден бастап, өлшемі 39-ға дейінгі балаларға арналған аяқ киімдердің барлығы бар. Теріден тігілген жеңіл аяқ киімдердің өкшесі қатты болғаны дұрыс. Сонда баланың табаны тайып кетпейді. Балалардың аяқ киімі оңай шешіліп, оңай киілуі керек. "Баланың аяғы өседі ғой" деп өлшемі үлкен аяқ киім алып жүрмеңіз. Үлкен аяқ киімдер баланың аяғына зиян. Клиенттеріміздің көбі Marco Tozzi сынды неміс брендтерін жақсы көреді. Бұл фирма жанұяның барлық мүшелеріне арнап аяқ киім тігеді. Итальяның IMAC фирмасының да киімдері өте сәнді әрі ыңғайлы, - дейді Светлана.
Қытайдың фабрикалық аяқ киімдері де сатылымда бар. Сапасы жоғары. Балалар да, ата-аналары да қалаған аяқ киімін таба алады.
Аяқ киімді күту
- Salton фирмасының аяқ киімнің сәнін ұстап, жалтыратуға арналған күтім құралдары бар. Жылтыр аяқ киімдердің терісін жұмсартуға, қорғаныш қабатын майлауға арналған аяқ киім кремдерінің түрі көп. Кремдердің түр-түсі әртүрлі. Жұмсақ тері мен ақшыл былғарыдан тігілген крем-бояулар материалды иіп, сапасын жақсартып қана қоймай, мата түктерінің көтеріліп сәнді болып тұруына да септігін тигізеді. Одан бөлек, сорғыш, ысқыш құралдар мен аяқ киім шөткелері, аяқтың жағымсыз иісін жоюға арналған дезодоранттар да бар, - дейді маман.
Кеңес беруші мамандар аяқ қажалғанда, сүйел не жара шыққанда, ауруды басатын құралдардың да сатылымда бар екенін айтады. Мұндайда аяқ киімге жұмсақ ұлтарақ-төсем не жалаң аяқ жүргенде аяқ киімге гельді пластинка салып киюге болады. Майтабан адамдар аяқ киіміне гельді пластинка салып кисе дұрыс. Сонда аяққа ауыр күш түспейді.
Арнайы дүкендерден аяқ киім сатып алудың пайдасы қандай?
KIMEX дүкенінен аяқ киім сатып алсаңыз, 30 күн кепілдік беріледі. Ал аяқ киім ұнамаған жағдайда, 14 күнтізбелік күннің ішінде қайтарып беруге болады. Қайтарылатын аяқ киім киілмеген, өзінің тауарлық күйін бұзбаған болуы керек. Қайтарар алдында міндетті түрде түбіртекті көрсету керек. Дүкенде түрлі акциялар мен сатылымдар ұйымдастырылып тұрады. Кейде маусымдық сатылым кезінде киімнің бағалары 90 пайызға дейін арзандауы мүмкін. Дәл қазір өткен маусымның киімдері 90 пайыздық арзан бағамен сатылып жатыр. Сондықтан асығыңыздар!
Мамандардың аяқ киім таңдауға арналған кеңестері:
Таңдап алған аяқ киімді асықпай киіп, жан-жаққа жүріп, тексеріп алған жөн. Аяқ киімнің үлкен не тар болғаны дұрыс емес. Аяқ киімнің сүйретіліп, бос болғаны да жарамайды.
Аяқ киім сатып аларда, оның арқа мен белге тигізер әсеріне мән берген жөн. Аяқ киім табан мен өкшеге дәл түсіп, жүріп-тұруға ыңғайлы, арқа мен бел ауырмайтын болуы керек.