Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Дарынды оқушыларға барлық жағдай жасалуда

Облыс орталығында әр түрлі зияткерлік сайыстар мен олимпиадаларда, шығармашылық және спорттық жарыстарда жүлдегер атанған дарынды оқушылар бас қосты

Облыс әкімі Даниал Ахметов дарынды балалармен кездесті. Кездесуге республикалық, халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлері, ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары - жалпы саны 80 оқушы және олардың ұстаздары қатысты. Диалог ретінде өткен кездесуде дарынды балалар толғандырған сұрақтарын қойып, кейбір мәселелерді аймақ басшысымен бірлесе талқылады.

- Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Біздің жастарымыз ғылым мен білімге ұмтылып, елдің болашағын ойлайтын болса, келешегіміз кемел, тәуелсіздігіміз баянды болады" - деп атап өткен болатын. Сендер білімді, тәрбиелі болсаңдар - еліміздің ертеңі биік болады. Біз барлық жағдайды жасаймыз, тек сендер шетелге кетпеңдер, - деді облыс әкімі.

Ш. Уəлиханов атындағы "Жас ұлан" мектебінің түлегі, физика пәнінен республикалық президенттік олимпиаданың жеңімпазы Диас Арнурошидов білімін шет елде емес, Алматыдағы әскери оқу орынында жалғастырғысы келетінін айтты.

Өз кезеңінде Қостанай қаласында өткен қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада жеңімпазы Марғұлан Құрманов өз қатарластарын елін, туған жерін көркейтуге шақырды.

- Құрметті, Даниал Кенжетайұлы! Сізбен кездесу - мен үшін үлкен мәртебе. Өз елімнің тарихын жетік білетінім үшін мақтанамын. Өңіріміздің әр азаматы өзінің ұшқан ұясын: Семейі мен Аягөзін, Күршімі мен Зайсанын, басқа да аудан, ауылдарын ұмытпай, оны көркейтуге атсалысуы керек деп есептеймін. Барша достарымды сапалы білім алуға, өз жерімізді өркендетуге, дамытуға шақырамын, - деді Марғұлан Құрманов.

Сондай-ақ, шараға Семейдегі экономикалық лицейдің 8-сынып оқушысы, 7 жастан бастап шахметпен айналысып әлем чемпионы атанған, бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы Арыстан Исажолов да қатысты.

- Дарынды балалармен танысып, облыс әкімімен жүздескеніме қуаныштымын. Үміттеріңізді ақтауға тырысамын. Ерекше алғысымды ата-анама білдіргім келеді, - деді Арыстан Исажолов.

Аймақ басшысы дарынды жастарға алғыс жариялап, ноутбук, теледидар, ал жеңімпаз оқушыларды дайындаған мұғалімдерге Құрмет грамоталары мен ақшалай сыйлықтар табыстады. Соңында оқушылар облыс әкімімен суретке түсіп, келер күндерге естелік қалдырды.

Айта кетейік, дарынды білім алушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардан 38 медаль еншілесе, 119 медальді республикалық және президенттік олимпиадалардан алған. Оның ішінде, 35 алтын, 55 күміс, 67 қола иеленген. Сондай-ақ, биылғы оқу жылында ШҚО оқушылары "Үздік олимпиада командасы" деп танылған.

Следующая →