Құрама Штаттарының скейтбордшысы Өскеменде шеберлік сағатын өткізбек
Сондай-ақ, американдық спортшы экстремалды спорт түрлері бойынша Ашық чемпионатта қазылық етеді
22 маусым күні сағат 10.00-де облыс орталығындағы №11 мектеп-лицей ауласында Тим Бекшентаевты еске алуға арналған экстремалды спорт түрлері бойынша Ашық республикалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Қазақстанның сегіз қаласынан 50-ден астам спортшы келіп SkatePark Time алаңында өз шеберліктерін ортаға салады. Америкадан шақырылған скейтбордшы Джимми Као қазылар алқасының құрамында болады.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Скейт парк имени Тима Бекшентаева в Усть-Каменогорске Экстремальные виды спорта в ВКО 


