Өскеменде жасөспірім жоғалып кетті
"Ивушка" маңайында отбасымен бірге асханадан түскі асын ішкен 17 жастағы Ерзат Ғазезовті кешеден бері ұшты-күйлі жоқ болып кетті
Туыстарының айтуынша, жас жігіт үйге келіп заттары мен ұялы телефонын тастап, өзімен бірге жеке төлқұжатын ғана алып шығып кеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE. Ал Ерзат Ғазезовтің бұған дейін үйден бұлай хабарсыз кетіп қалған кезі болмаған.
- Семейге барып қайтқысы келгенін айтқан. Ағамда психикалық ауытқу жоқ, адаспайды. Егер көрген-білген болса, полиция не туған-туыстарына хабарласып, қандай да бір ақпарат берсе екен, өтініш. Біз уайымдап отырмыз, - дейді жас жігіттің қарындасы.
Ерзаттың бойы, шамамен, 160 сантиметр, дене тұрпаты орташа. Қара кроссовка мен қара футболка, қара джинсы киіп шыққан.
Ерзатты көрген-білгендер болса, 8-777-790-84-34 нөміріне не 102 каналына хабарласса болады.