Қуат Тұмабаев орнынан неге кететінін және қашан қайтып келетінін айтты
Үлкен дау тудырған іске қатысты облыстың екі бірдей шенеунігінің тәртібі Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің Əдеп жөніндегі кеңесте қаралды
Нәтижесінде, 18 жастағы Евгений Смольниковты көлігімен қағып өлтірген Риддер қаласы əкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевты қызметінен босату туралы шешім шығарылды.
Алайда бұл жағдайдың ел арасындағы көрінісі оқиғаның куәгері, Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа оңайға соқпаған.
Әкімнің өзі кеңеске қатыспады. Өйткені ол бұл уақытта қалада болмаған.
Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір күні күні кешкі сағат 21.00 шамасында Риддер қаласында жасөспірімді көлік қағып, ол жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан болатын. Ал шетелдік автокөліктің жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болып шыққан. Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен. Кейін оның жанында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болғаны анықталды.
Күні кеше ғана Қуат Тұмабаев тергеу ісі аяқталғанға дейін жалақының сақталуынсыз демалысқа кететінін мәлімдеді.
Следующая →
Алайда бұл жағдайдың ел арасындағы көрінісі оқиғаның куәгері, Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа оңайға соқпаған.
Әкімнің өзі кеңеске қатыспады. Өйткені ол бұл уақытта қалада болмаған.
- Субұрқақ құрылысына байланысты облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен Астанаға іссапармен кетті, - деді кеңес мүшелері.Әдеп кеңесінің 5, 7-пунктіне сәйкес, Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев моральдық этикалық тұрғыдан қызметіне толық сай емес деп танылды. Осыған сәйкес Қуат Тұмабаевқа ескерту берілді.
- Егер Қуат Тұмабаев Бауыржан Құрманбаевтың мас күйінде көлік жүргізгенін білгендігі анықталса, облыс орталығының әкімін жұмыстан шығаруды ұсынамыз, - деп түсіндірді өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Сергей Потанин.Дегенмен, Қуат Тұмабаевтың прокуратураға берген түсініктемесінде өзінің Бауыржан Құрманбаевпен күні бойы бірге болғандығы айтылады.
Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуір күні күні кешкі сағат 21.00 шамасында Риддер қаласында жасөспірімді көлік қағып, ол жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан болатын. Ал шетелдік автокөліктің жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болып шыққан. Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен. Кейін оның жанында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болғаны анықталды.
Күні кеше ғана Қуат Тұмабаев тергеу ісі аяқталғанға дейін жалақының сақталуынсыз демалысқа кететінін мәлімдеді.
- Құрметті өскемендіктер, апатқа байланысты көптеген материалдар, қауесеттер шықты. Мен апаттың куәгері болдым. Болған жағдайды терең сезіне отырып, қаза болған азаматтың ет-жақындарына көңіл айтамын. Мемлекеттік қызметші бола отырып, менің іс-әрекеттерім, ең алдымен, қоғамдық сенімді нығайтуға бағытталуы керек деп есептеймін. Сондықтан тергеу кезеңі аяқталғанға дейін жалақысыз демалысқа кетуді ұйғардым, - деді Қуат Тұмабаев.
Тақырыптар:
Аким Усть-Каменогорска Куат Тумабаев Куат Тумабаев Смертельное ДТП в Риддере Ольга Булавкина