Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +5°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -13°
  • Тараз
    +7°
  • Туркестан
    -6°
  • Шымкент
    +8°
$
499.51
+0.96
525.83
+1.55
¥
68.9
+0.14
4.62
-0.13
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Шығыс Қазақстанға қашан "сары" жедел жәрдем көліктері келеді?

Өскемен мен Семей қаласындағы жедел жәрдем көліктерін сары түске бояу жұмыстары созылып кетті

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 2018 жылдың соңына дейін жедел жәрдем көліктерін сары түске бояу әрі жарық шағылыстыратын жабдықпен жабдықтау туралы бұйрық берілген болатын.

Ал аталған тапсырманың аясында екі айдың ішінде Өскемен мен Семей қаласындағы жедел жәрдем көліктерінің тек екеуі ғана сары түске боялған. Қазіргі уақытта мамандар тек екі көлікті ғана сарыға бояу арқылы, оның шығыны мен тиімді жақтарын есептеп жатыр. Ең бастысы – бұл тұрғындар реакциясын анықтау. Көлік жүргізушілерінің "сары" жедел жәрдемдерге жол беру жағдайларын тексеру.

- Бәрі де қаржыландыруға байланысты. Қазір көптеген реформалар жүргізілуде. Қазір заманауи құрал-жабдықтарды сатып алып жатырмыз. Бізге мәселен, жаңа кардиометр қажет. Диагностика құралдарын да жақсарту қажет. Мұның барлығына көп қаржы керек, - дейді Өскемен қаласы жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері Гүлнәр Текілманова.

Дәрігердің сөзіне қарағанда, көліктің түсіне қарағанда, құрал-жабдықтарды жаңарту бәрінен маңызды.

Следующая →