ПИК-ке қарызы барларға несие берілмейді
Осылайша пәтер иелері кооперативіне қарызы барларды жөнге келтірмек
Өскемен қаласындағы көпқабатты үйлердің тұрғынжары өз ПИК-теріне қомақты қаржы қарыз болып шыққан. 30 мамырдағы жағдай бойынша ПИК-ке қарыз 252 млн 397 мың теңгені құраған.
Бұл қарызды төлету үшін ПИК Ассоциациясы «Алғашқы несиелік бюро» ЖШС-мен меморандумға қол қойған. Бұл келісім бойынша, ПИК-ке қарызы бар өскемендіктерге қарызын толық өтемейінше, несие берілмейді.
Следующая →
- Міндетті жарналар ай сайын төленіп отыруы керек. Бірақ кейбір азаматтар өз міндеттерінен жалтарып жатады, - дейді Өскемен қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Фархат Жылыбаев. - Уақытылы төленбеген ақының салдарынан жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілмейді. Ал уақытылы ақы төлеп отырған пәтер иелері жауапсыз көршілерінің кесірінен зардап шегіп отыр. ПИК, ЖШС, ЖК басшылары қарызы жиналғандарға арыз жазса да, сот орындаушылар көп жағдайда бұл арыздарды жүзеге асыра алмай жатады.
Бұл қарызды төлету үшін ПИК Ассоциациясы «Алғашқы несиелік бюро» ЖШС-мен меморандумға қол қойған. Бұл келісім бойынша, ПИК-ке қарызы бар өскемендіктерге қарызын толық өтемейінше, несие берілмейді.