Өскемен
пасмурно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +20°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +8°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +7°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
441.66
-2.48
475.14
-1.91
¥
61
-0.34
4.86
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде жер үй өрті көбейіп кетті

Маусым айы басталғалы төрт күн болса да, төрт адам тілсіз жаудың құрбаны болса, тағы екі адам ауыр зардап шекті

1 маусым күні бірден екі жер үй өртенген. Трубная көшесіндегі жағдайда ешкім зардап шекпесе, Невская көшесіндегі орын алған өртте қайғылы жағдай орын алды.

Шаруашылық құрылыс нысандарынан шыққан өрт тұрғын үйлерге жеткен. Өрт сөндіру қызметі жеткенше өртенген үй ішіндегі ер адам өзі шықпақ болған. Мамандар оған көмек көрсетіп, Апаттық медицина орталығының қызметкерлеріне табыстады.

Тағы бір ер адамның денесін күйік шалып, иіс газына уланған. Одан өзге, оқиға орнынан үш ер адамның мәйіті табылды. ШҚО ТЖД мәліметтеріне сүйенсек, бұл жағдайда өрт қою нұсқасы қарастырылуда.

Ал Астафьев көшесіндегі жер үйде шатыр жабындысынан өрт шыққан. Дәл осындай оқиға Шынқожа көшесінде де орын алған. Саяжай бірлестігіндегі шағын үйдің ағаш құрылымдары жанып кеткен. Екі үйдегі өртті де дереу жеткен өрт сөндірушілер сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
 
3 маусым күні Сәтпаев даңғылындағы құрылыс алаңына қойылған контейнер-қоймадан  күйген ер адамның денесі табылды. Нысанның ішкі құрылымдары, жиһаз бен төсек-орын жанып кеткен.

4 маусымда екі жағдай тіркелді: Гагарин бульварындағы пәтерде және Самсоновка кентіндегі саяжайда. Зардап шеккендер жоқ.

Следующая →