Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алия Тенизбаева
Ақпарат көзі:
Устинка

Алты жастағы бала өзенге батып кетті

Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстанда үш суға бату оқиғасы орын алды

Облыстағы су қоймаларында үш қайғылы оқиға тіркелсе, оның бірі - 2012 жылғы бала.

ШҚО ТДЖ хабарлауынша, Қызылағаш ауылындағы Қарасу өзенінен жергілікті тұрғындар алты жастағы баланың денесін тауып алған. Куәгерлердің айтуынша, бала жабдықталмаған орында ересектердің қарауынсыз суға түсіп жүрген.

Ал Бобровка кентіндегі Ертіс өзенінің тармағында  20 жастағы жігіт те суға батып кеткен.  Линьковое өзені шағын ғана болса да (тереңдігі бір жарым метрден үш метрге дейін), суға шомылуға жабдықталмаған.

Үржар ауданында 41 жастағы ер адам балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған. Туыстары бірден іздеуге шыққан. Құтқарушылар жеткенше тұрғындар ер адамның денесін судан тауып, алып шыққан.

Алдын ала болжам бойынша, азаматта жеке құтқару құралы болмаған.

Ал ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, жыл басынан бері облыста бес адам суға батса, оның екеуі балалар. 
Следующая →