Риелтормын деп таныстырған қала тұрғыны 600 мың теңгені қолды қылған
Саяжай сатып аламын деп алаяққа алданып қалған Өскемен қаласының тұрғыны полицейлерге келіп арызданған
Жасы қырыққа таяп қалған әйелдің танысының «танысы» оған ақысын бөліп төлеу арқылы сатып алуға болатын саяжайды тауып беруге уәде еткен. Ал алғашқы жарнасы ретінде 600 мың теңгені қалтаға басқан. Алайда кейін белгілі болғандай, бұл ақша саяжайдың иесіне жетпеген, делдал болып жүрген әйелдің қалтасында кеткен.
Тергеу нәтижелері кезінде "риелтордың" бұған дейін де алаяқтық жасағаны белгілі болды. Өскемен қаласы ІІБ баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, оған қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс ашылған.