ШҚО шенеуніктері мен отбасылары жарысқа қатысты
Мемлекеттік қызметкерлер күнінің биыл 20 жылдығына орай, Өскемен қаласында "Мама, папа, мен – спортшы отбасы" атты спорттық эстафета өтті
Жарысқа барлығы 9 жанұя қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Жанұя мүшелері ұзындыққа секіріп, жүгіріп, допты нысанаға лақтырды, «паравоз» болып жүгіріс жасады.
Жарыста гран-приді "Тұлпар" командасы (ШҚО Мемлекеттік кірістер департаменті) алса, Өскемен білім бөлімінің жанұясы "Мирас" бірінші орынды, Өскемен қаласы спорт бөлімінің жанұясы "Солнышко" үштікті қорытындылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің айтуынша, мұндай шара облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр.