Металл бұйымдарын ұрлаған
28 жастағы өскемендік тапқыр металл бұйымдарын ақша мен ішімдікке айырбастау үшін ұрлаған
Жақында облыс орталығының тұрғыны полицияға хабарласып, өзінің жап-жаңа металл құбырларының ұрланғандығы жайлы хабарлаған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ізін суытпай қылмыскерді анықтап, құрықтаған.
Тәртіп сақшылары жергілікті металл қабылдайтын орынға барып, ұрланған құбырларды анықтаған.
Ұры кінәсін мойындап, не себепті бұндай іске барғандығын түсіндірді. Тергеу барысында анықталғандай, бұл ұрының бірінші қылмысы емес. Өскемен қаласының ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, ұрыға қатысты ҚР ҚК 188-бабымен ("Ұрлық") қылмыстық іс қозғалды.