Өскеменде өртеніп жатқан үйден 17 адам эвакуацияланды
Сәтпаев даңғылында көпқабатты үйде өрт шықты
29 мамыр күні кешкі сағат сегізде болған өрт электрқалқанның зақымдалуы кесірінен шыққан. Қорғаныс автоматы тұтанып кеткен екен.
Өрт сөндірушілер 17 адам эвакуациялап, кіреберістегі өртті сөндірді. Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының айтуынша, өрттің шығуына электр жабдықтарын орнату кезінде өрт қауіпсіздігінің ескерілмеуі себеп болған.