Топырақтың астында қалды
ШААШҚЖ құтқарушылары үстін топырақ басып қалған жұмысшыны қазып алып шығуға бір сағат әрекет еткен
Оқыс оқиға Құрылыс материалдары комбинаты ауданында орын алған.
Жұмысшылар тобы Бажов көшесі бойында терең ор қазып жатқан уақытта аяқ астынан 49 жастағы төменде тұрған жұмысшының үстіне топырақ төгіліп кеткен. Ылғалды топырақ ер адамды кеудесіне дейін басып қалған.
Следующая →

- Қасындағы жұмысшылар оны дереу құтқаруға кіріскен, - дейді ШААШҚЖ үшінші құтқару бөлімшесінің жетекшісі Сергей Голубев. - Ер адам есінен танбай, бізбен сөйлесе алатын хәлде еді. Бірақ тыныс алуы қиынға соқты. Біздің қызметкерлер мен жұмысшылар бірлесіп, топырақты күрекпен қазып, жігітті шығарып алды. Құтқару операциясы бір сағатқа созылды.Азаматты бірден жедел жәрдем алып кетіп, ауруханаға жатқызды.