Өскемендіктер 12 елге "саяхат" жасай алады
Сол жағалау кешенінің үлкен көрме павильонында мұражай-қорықтың 50 жылдығына арналған "Дары друзей музея" көрмесі өтуде
Мұражай-қорық баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратына сәйкес, 12 мемлекеттен әкелінген заттарды барлық тілек білдірушілер көре алады. Көрмеде Әзірбайжан, Польша, Үндістан, Иран, Түркия, Сауд арабиясы, Оңтүстік Корея, ОАР, Белоруссия, Украина, Қырғызстан, Башқұртстан, Тау-Алтай Республикасы және республикалық ұйғыр орталығының түрлі экспонаттары ұсынылған.