Жолаушы автобус жүргізушісіне тап берді
Автобуста ұйықтап қалған мас жолаушы өз аялдамасынан өтіп кеткендігінің өшін жүргізушіден алды
44 жастағы азамат Герасимовкадан Ново-Явленкоға бармақ болып, автобусқа отырған. Жолда көзі ілініп кеткен ол аялдамасынан өтіп кеткен. Ол бұған жүргізушіні кінәлап, балағаттай бастаған.
Ішімдікке сылқия тойған азамат өзін оятып жібермеген жүргізушіні айыптап, өз аялдамасына жеткізіп тастауды бұйырған. Жүргізуші жолаушыдан көліктен түсуді талап еткенде, жолаушы жүргізушінің бетінен соғып, қашып кеткен.
Зардап шеккен азамат полицияға арыз жазған. Бірақ Өскемен қалалық №2 сотында екі тарап достасып, іс жабылды.
Следующая →