Өскемен
облачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +20°
$
479.05
+0.12
534.57
-0.39
¥
67.92
+0.12
5.17
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да мумияланған мәйіт табылды

Бүгін таңертең Семей жылумен жабдықтау кәсіпорнының қызметкерлері өлі адамның денесін тауып алды

Жұмысшылар жылу жолын ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан. Экскаватор жерді қаза бастағанда топырақпен бірге көлік ожауына адамның мәйіті іліккен. Мәйіттің ол жерде жатқанынан ұзақ уақыт болса керек, адам денесі мумияға айналған.

Оқиға орнында түсірілген фото әлеуметтік желіде желдей есіп, тез таралды. Ал Семей қаласындағы "Теплокоммунэнерго" МҚМ мамандары мәйіт табылғандығын растады.  

- Бұл бірінші жағдай емес. Үш жыл ішінде бес-алты осындай оқиға кездескен. Әдетте, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар қыста жылу камераларын мекендейді. Ауырып немесе арақтан уланып көз жұмады. Бірақ тәртіп сақшылары мен жедел жәрдемді шақыртқанымызбен, олардың ешкімге қажеті жоқ, - деді коммуналды мекеме мамандары.

Семей ІІБ баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты түсінікті кейінірек беруге уәде етті.

Следующая →