Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Жүк көлігі қозғалыс барысында өртке оранған

Өскемен қаласынан шығар жолдағы Семей-Павлодар тас жолында жүріп бара жатқан жүк тиегіш көліктің кабинасынан өрт шыққан

Өртті өзі өшірмек болған 37 жастағы жүргізуші иіс газына уланған. Оқиға орнынан жеткен жедел жәрдем қызметі оны ауруханаға жеткізген. 

Сонымен қатар, өткен демалыс күндері көліктен өрт шығуына байланысты облыста төрт жағдай тіркелген. Мәселен, Бородулиха ауданындағы Зенковка ауылының Комсомольская көшесінде "Волга-3110" маркалы көлігінен өрт шығып, тілсіз жау көлікжайға көшкен.

Ал Ұлан ауданындағы Асубұлақ пен Жантас ауылдарының қмылысындағы тас жол бойында "Лада 21015" көлігі өртке оранса, Тарбағатай ауданындағы Ақсуат ауылының Молдабаев көшесінде "УАЗик" өртенген. Екі жағдайда да жалын көліктерді толықтай шарпыған. 

Тағы бір жағдай Шемонаиха ауданында тіркеліп отыр. Интернациональная көшесінде жүріп бара жатқан Peugeot көлігінің дөңгелек қақпағы пен қозғалтқышы жана бастаған. 

Жалпы, жыл басынан бері ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде автокөліктен өрт шығуы бойынша осындай 81 жағдай тіркелген екен.
Следующая →
Тақырыптар: Пожары в ВКО